ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

БОЛАШАҒЫ ЗОР «ALTAI ATHLETICS» КЛУБЫ

10:20, 13 қыркүйек 2018

Елімізде құрылған тұңғыш кәсіби жеңіл атлетика «Altai Athletics» клубы аз ғана уақыт ішінде әлемдік додаларда топ жарып үлгерді. Клубтың Трэктік маусымының қорытындысына арналған жиында клуб мүшелері мен басшылары БАҚ өкілдерімен кездесіп, жұмыс нәтижесімен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Altai Athletics» еуропалық жетекші клубтардың бірі, бір ғасырға жуық тарихы бар LC Zurich клубының үлгісі бойынша жұмыс істейді. Аз ғана уақытта кәсіби жеңіл атлетика клубы жоғарғы жетістіктер көрсетіп, дүбірлі додаларда топ жарды. Клуб капитаны Ольга Рыпакова Азия ойындарында алтын медаль иеленіп, Құрлықтық Кубокте күміс жүлде алды. Болашағынан зор үміт күттіретін Надежда Дубовицкая Азия ойындарында қола медаль еншіледі. Келісім шарт негізінде клубта жұмыс істейтін  кениялық спортшылар Нора Джеруто, Дейзи Джипкемей, Каролин Кипкируй үздік нәтижелермен көзге түсті. 

Алдағы жоспарларымен бөліскен клуб мүшелері қазіргі құрам спортшылармен жаттықтырушылар есебінен үнемі толығып отыратынын айтты. Олардың денсаулығы қалыпта болуы үшін жақында еуропалық үлгідегі қымбат бағалы медициналық машина, арнайы терапиялық құрылғы әкелінеді. Қыркүйек айында демалысқа кететін жеңіл атлетшілер қараша айынан бастап ағымдағы жылы Катар елінің астанасы Доха қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындықтарын бастайды. Клуб құрамында алдағы жарыстардан үмітті, үздік нәтиже көрсетемін  деген спортшылар бар. 

Алдыңғы буын ізін басатын клуб жанынан құрылған  «Altai Athletics 2»   мүшелері тек қана шығысқазақстандық азаматтар болуы шарт.  Бүгінде жеңіл атлетшілер алаңсыз спортпен шұғылданулары үшін  клуб басшылығы  тарапынан барлық жағдай жасалды.

АРАЙЛЫМ НЫҒМЕТОЛЛАҚЫЗЫ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар