ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР

13:21, 10 желтоқсан 2018

Зырян ауданына қарасты Жаңа Бұқтырма кентінде 9-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтті. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін шара қатысушылардың есінде жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен және спортшылар арасындағы тамаша бәсекемен есте қалды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін турнирге биылғы жылы 120-дан астам спортшы қатысты. Жеңімпаздар Астанадағы республикалық турнирге жолдама алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жылда өтетін бұндай турнир жасөспірімдерді шыңдап, тәжірибе алмасуға септігін тигізеді. Жыл сайын жас спортшылардың турнирге деген қызығушылығы артуда. Қатысушылар 20 салмақ дәрежесінде қолғап түйістірді. 66 келіге дейінгі салмақта топ жарған жергілікті спорт мектебінің түлегі, облыстық сайыстар жеңімпазы, бокстан спорт шеберлігінің кандидаты Қуат Құрмашев. Биылғы жылы Шығыс Қазақстан облысынан Астана қаласында өтетін республикалық турнирге Зырян ауданынан сегіз боксшы барады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар