ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

Блок бекеттер жұмысы жалғасады

14:30, 22 мамыр 2020

Облыс орталығының кіре берісінде тұрған блок посттарда Өскемен қаласына бет алған және шығатын көліктерді тексеру жұмыстары жалғасуда. Арна тілшілері аталған бекеттерге барып тексеріс жұмыстарының жүргізілу тәртібімен танысып қайтқан еді.  Ақпаратқа сәйкес 23 мамырдан бастам Семей қаласынан өзге елді-мекендерге кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіліп,  облысаралық қозғалысқа рұқсат берілген-ді. Алайда бүгін ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысында облыс бойынша соңғы 7 күн ішінде сырқаттанғандардың саны 1,7%-ға өскені айтылған. Сондықтан, бірінші маусымға дейін кіру-шығу бекеттері әлі де қалады. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирус  инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Дегенмен, жасыл «дәліз арқылы» қажетті азық-түлік тауарларын тасымалдаушы автокөліктерге кедергісіз қозғалысты жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, медициналық көмекке мұқтаж азаматтарға да еркін қозғалысқа мүмкіндік берілген. Асхат Сабалақов елді-мекендер арасында жиі қатынайды. Дегенмен, күнделікті тесеруден өту міндет екендігін жақсы түсінеді. Сондай-ақ , 23 мамырдан бастап Семей қаласынан басқа,  облысішілік, қалааралық қозғалыс жанданады. Атап өтерлік тағы бір жайт облыстың рекреациялық аймақтарында орналасқан қала сыртындағы меншік үйлерге, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттары болған кезде демалуға шығуға рұқсат берілді. Алайда, сантитарлық талаптарды са0тау басты міндет болып қала бермек.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...