ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МЕКЕН-ЖАЙ Толығырақ

Бизнеске қолдау

14:18, 9 қазан 2019

Бизнеске қолдау көрсету мақсатында Ұлттық қордан 100 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Бұл сома жаңа кәсіп нысандарымен қатар, жұмыс орындарын ашуға да септік етеді. Мемлекет басшысы Жолдауда «Шағын, әсіресе, микробизнес елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады» - деген болатын. Президенттің ел алдына жүктеген міндетін құзырлы мекемелер орындауға кірісіп кетті. Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Халық тұтынатын қарапайым заттар жасау арқылы да ел экономикасын еселеуге болады. Мемлекет те «кәсіп ашып, дамимын» деушілерге қажетті жағдай жасап отыр. Шағын және орта бизнес өкілдері тексеріс пен салықтан үш жыл мерзімге босатылады. Заң келер жылы күшіне енеді. Осылайша, кәсіпкерлерге түсетін ауыртпалық төмендейді. Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді аймақтық Кәсіпкерлер палатасы да құптайды. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар