ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

20:00, 20 мамыр 2019

Әділ және адал медиатор. Осылай деп біздің елді айтады жаһан жұрты. Қазақстандық делегацияны бастап барған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин  мемлекетің бұл бағыттағы жұмысын басты назарға алды.Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларының нәтижесінде айтарлықтай жетістіктеріміз бар. Оның бірі «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу кодексін» қабылдауды біздің ел ұсынып, оған қазір жетпістен астам мемлекет өкілі қол қойып үлгерді. Оның негізгі мақсаты 2045 жылға қарай терроризмнен азат әлемге қол жеткізу. Сирия келіссөздерін өткізуге өз алаңын ұсынуы жауласып, жаға жыртысқандарды елдестіруде елеулі орын алды.Осыдан бірнеше күн бұрын Тұңғыш Президент-Елбасы  Астана экономикалық форумында Еуразияда қауіпсіздік аумағын құру туралы идеясымен бөліскен еді. Жалпы Нұрсұлтан Назарбаевтың қай бастамасы болмасын,оны жаһан жұрты жақсы қабылдайды. Бұл біздің елдің абыройының көрсеткіші.Отырысқа қатысушылар  Ауғанстандағы аухал мен Сербиядағы жағдайды талқылға салды. Сонымен қатар заңнамалық жұмыстарды күшейту керектігі де айтылды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше,  парламентаралық диалог қауіпсіздікті нығайтуға тың серпін береді. Осы орайда  ынтымақтастықты нығайта түсу үшін, Мәжіліс спикері өзінің әріптестерін қыркүйек айының 23,24 күндері Нұр-Сұлтанда өтетін Еуропа және Азия парламенттері спикерлерінің жиналысына қатысуға шақырды. Елбасының Еуразиялық интеграция құру идеясының 25 жылдығына орай өткізілетін «Үлкен Еуразия, Диалог. Сенім. Серіктестік» атты көлемді парламенттік форумында көпқырлы әріптестік жағы талқыланып,  барлық еуразиялық кеңістіктің тұрақты дамуы мен сапалы өмірі үшін өзекті мәселелер ортаға салынады деп күтілуде.Қазірдің өзінде 48 мемлекет қатысатынын растады. Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы шетелдік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар