ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

БІРҚАТАР НЫСАНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

14:13, 30 маусым 2020

Өскеменде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау бойынша рейдтер жалғасуда. Қалалық кәсіпкерлік бөлім өкілдері және  тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары бірлесіп  күн сайын қоғамдық тамақтану орындарына тексеру жүргізуде. Ол жерде санитарлық талаптар қаншалықты сақталуда?

Адамдар көп шоғырланған жерлерде кенеттен ұйымдастырылған  тексерулер кезінде мамандар дезинфекциялық режимнің сақталуын, антисептикалық заттар мен әлеуметтік қашықтықтың бар-жоғын қадағалады. Жаңа талаптарға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері жұмыс барысында міндетті түрде қолғап және медициналық бетперде тағуы керек.  Кіреберістерде дезинфекциялау төсеніштері болуы тиіс. Ал үстелдер арасындағы қашықтық кемінде екі метрден аспағаны жөн.  Комиссия мүшелерінің айтуынша, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына байланысты заңбұзушылықтар бар. Барлық қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету нысандарында  санитарлық рейдтер әлі де жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...