ШҰҒЫЛ! ҚР ЧЕМПИОНАТЫ Толығырақ

БИ ҚҰДІРЕТІ

16:43, 13 сәуір 2018

Өскемендік «Арабеск» балалар және жасөспірімдер би ансамбілі Санкт-Петербургте өткен фестивальде үздік өнер көрсетіп, жеңіске қол жеткізді. Халықаралық фестивальде олар бірден 9 жүлдені иеленді.

Санк-Петербургте өткен «Ресей раушаны» хореграфиялық фестивалінде өнер көрсеткен «Арабеск» ансамбілінің бишілері өз өнерлерімен көрермендер көңілінен шықты. Бишілер арасындағы байқауда олар 6 бірінші орын, екі күміс жүлдені және «гран-приді» иеленді. Өскемендік бишілер әділ-қазылар алқасына басшылық еткен «Березка» Мемлекеттік Академиялық хореграфиялық ансамбілінің көркемдік жетекшісі Мира Кольцованы таң қалдыра білді.

 

АННА ТАТАРЕНКО, ХОРЕОГРАФ:

Бишілердің шеберлігі мен таланты жиналғандарды өздеріне баурап алды. Біздің репертуарда көптеген халық билері бар.

Жас өнерпаздар әрбір биді тамаша қойылымға айналдыра біледі.

Виктория Кржижановская, ансамбль мүшесі:

Біз сахнада өзімізді ғана көрсетіп қоймаймыз, өзімізді ең сұлумыз де ойлаймыз. 

Мамандар жас бишілердің шеберлігін шыңдау мақсатында арнайы әдістеме әзірлеген.  

Анна Куц, хореограф

Олар дайындық барысында көбіне ойнайды. Өздерін көрсету мақсатында қызықты қимылдар ойлап табуға тапсырма беріледі. Ол қимылдар би барысында көрініс табады. Қазылар арасында Болгариядан келген  өкіл болды. Ол бізге балалар биі  не туралы екенін сюжет желісі айтып тұрды деді. Көңілдерінен шықтық.

Бір биді дайындап, сахнаға шығару үшін хареографтарға кем дегенде бір ай керек. Би өнерінде ең бастысы икемділік пен ширақ қимыл, таңдалатын музыка мен костюм үйлесім табуы керек. 

Ирина Степанова  ансамбль мүшесі:

Халық билерін өз деңгейінде халыққа жеткізу қиын. Кез келген би билегенде көрерменге эмоция арқылы да жеткізе білу маңызды. Маған би билеген өте ұнайды.

Халықаралық фестивальден жеңіспен оралған бишілердің бір сәтке тынығар уақыттары жоқ. Дайындық пен жаттығу үздіксіз жүргізіледі.  Өйткені, жас бишілер байқаулардағы жеңіс емес, көрермендердің ықыласы мен көшеметіне бөлену маңызды деп есептейді.

 

Салтанат Кеңеспекқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар