ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

БЕРЕКЕСІ ҚАШҚАН БЕЙБІТШІЛІК ТҰРҒЫНДАРЫ

17:57, 9 қыркүйек 2020

Берекесі қашқан Бейбітшілік көшесінің тұрғындары. Соңғы жылдары олар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» демекші, даулы мәселені әріптесім Сая Жарасқызы біліп қайтқан еді. Осындай көріністер тұрғындардың әбден зығырданын қайнатқан. Тұрғындар бұл - басқа сұмдық жағдайлармен салыстырғанда айналайын, - дейді.

Күні – түні дау – дамай, ұрыс – керіс, боғауыз сөздер, айнала толған күл – қоқыс. Мұның бәрі түк емес, - дейді тұрғындар. Ата – аналар бауыр еті балаларына алаңдайды. Жоғарыда аталған проблемалардың барлығы мына үйден туындаған. Тұрғындардың айтуынша, мұнда темір қабылдайды, одан қалса ішімдікке айырбастайды. Ащы суға сылқия тойған маскүнемдер көрші үйлерге баса көктеп кіріп те кетеді.  Бұл көшеде 200 – ден аса тұрғын бар. Әр үй кемінде 2 – 3 баладан тәрбиелеп отыр. Сол себепті де, олар жауапты сала мамандарынан мәселені шешуді сұрайды. Ал, жеке кәсіпкердің айтар өз уәжі бар. Бала – шағаның қамы, отбасын асыраудың амалы, - дейді ол. Тұрғындардың шағымданбаған жері жоқ еді. Алайда бүгін түйткілді мәселе шешімін тапқан секілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар