ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Белсенділерді бақылау

13:58, 13 тамыз 2019

Өскеменде бірнеше айдан бері «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істеуде. Оның жұмысы азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, жалпы орта жайлылығы мен сапалы қызметтер сапасын жақсартуға бағытталған.Биыл «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында өмірдің әр салалық бағытына арналған бірнеше рейдті шаралар жоспарланған. Соның бірі мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы орта құруды бақылау. Белсенділер атап өткендей, арбаға таңылған адамдарға облыс орталығында қозғалыс жасау оңай емес. Мектептерде инклюзивті білім беруді енгізгеннің өзінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу орынына жетуі басты проблема.«Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қоғамдық бақылау, «Қолжетімді Өскемен» жобасы және «ҚР мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен өмір сапасын жақсарту шаралары жоспары» қамсыздандырады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар