ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ Толығырақ

БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ

14:22, 19 қазан 2020

Зайсан ауданында көп балалы және аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды. Қазіргі таңда  екі пәтерлі 16және 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге жергілікті компаниялар тартылған. Аталған бастама аясында аудан халқы да жұмыспен қамтылды. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары Зайсан ауданында қарқынды жүзеге асырылып келеді. Баспанамен қамтамасыз ету бастамасы да ерекше назарға алынған. Ағымдағы жылы жоғарыда аталған отбасыларды баспанамен қамту мақсатында қалада бірнеше тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті.Мәселен мына салынып жатқан үйлердің жалпы аумағы 3 600 шаршы метр. Құрылыс және монтаж жұмыстары бектіліген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының соңғы сатылары жүзеге асырылуда. Баспана толығымен ауыз суға, жылыту жүйесіне қосылады. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізуге жергілікті тұрғындар тартылған. Барлығы 60 адам. Баспана пайдалануға берілгеннен кейін аудандағы тұрғын үй мәселесі өз шешімін табады деген сенімде жергілікті билік өкілдері.

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...