ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Баспана кілттері табысталды

17:24, 2 маусым 2020

Өскеменде халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс әкімі көпбалалы отбасыларға жаңа баспана кілтін табыс етті. Барлығы 54 пәтер кішкентай тұрғындар мен олардың ата-аналараның игілігіне берілді. Облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа тұрғындарға пәтер кілттерін табыстап, сыйлықтарын беріп, тілегін айтты. Көптен күткен үйлеріне қол жеткізгендердің қуаныштары қойнына сыймай тұр. Бүлдіршіндер қолдарына түрлі-түсті шар алып, үлкендер болса босағаны аттауға асық. Тоғызқабатты тұрғын үй 19-шағын ауданда орналасқан. Жаңа тұрғындар енді екі және үш бөлмелі баспанада тұратын болады. Барлық пәтерлер көпбалалы отбасыларға арналған. Баспана бақытын сезінгендердің бірі Татьяна Могилева. Бес баланың анасы бұл пәтерді ұзақ жыл күткен. Ендігі арманы бала-шағасымен осы шаңырақта бақытты өмір сүру.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар