ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА ТАРТУ

14:32, 11 қыркүйек 2020

Өңіріміздегі жетекші кәсіпорын -  «Қазмырыш» компаниясы білім беру мекемелеріне көмектесіп, үнемі қолдау көрсетеді. Солардың қатарында қаладағы 275 орындық балабақша бар. Биыл балабақшада компания демеушілігінің арқасында заманауи жабдықталған үш кабинет ашылып, пайдалануға берілді.  Жергілікті кәсіпорын демеушілігінің арқасында балабақшада үш кабинет ашылды. Жаңадан жұмысын бастаған инклюзивті білім беру мен логопед кабинетінің орны ерекше. Ал үшінші, «Бағдаршам» бөлмесінде  бүлдіршіндер жол белгілерімен танысады. Мамандар балалардың ерте жастан бастап жол қозғалысы ережелерін білулері аса маңызды деп есептейді.  Балабақша қызметкерлері жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан компанияға алғысы шексіз. Әр кабинет алдына арнайы тапсырыспен дайындалған тақтайша ілінген.  «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында балабақша ағымдағы  жөндеуден өткен.  Іші жылы, әрі жайлы. Педагоготер заманауи жабдықталған бөлмелер балаларды оқуға ынталандырып, қабілеттерін жақсартатынын айтады. Инновациялық  технологияларды пайдалану білім деңгейінің көтерілуіне септігін тигізеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...