Балаларға – базарлық

21:50, 8 тамыз 2017

Серебрянка балалар үйінің түлегі Марина Жанырбаева өзінің балалық шағы өткен жерінде қайырымдылық шарасын өткізіп, өзі секілді ата-ананың аялы алақанынсыз өскен жетім балаларға бағалы сыйлықтар мен спорт жабдықтарын сыйға тартты.

Марина Жанырбаева балалар үйінен осыдан 15 жыл бұрын түлеп ұшты. Қазір ол бала кездегі арманына қол жеткізіп, абыройлы қызмет етіп жүр. Балаларды қуантуға құралақан келмеген. Жергілікті меценаттармен бірге тәрбиеленушілерге тосынсый әзірлеп әкеліпті. Ойыншықтармен қоса спорттық жабдықтар, теледидар мен сағат секілді бағалы сыйлықтар бар. Балаларды қуантқан басты сыйлық – «Серебрянка» футбол командасы ойыншыларына сыйға тартылған мына спорттық киімдер.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар