ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Балалардың судағы қауіпсіздігі – басты талап

13:30, 7 маусым 2019

Өскеменнің кішкентай тұрғындары үшін Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары мен Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы сүңгуірлері нұсқама өткізді. Судағы басты ережелерді таныстырды. Жүзу кезінде қандай да бір төтенше жағдайды болдырмау үшін құтқарушылар хауызда көрнекі түрде балдырғандарға негізгі дағдыларды көрсетті.Сабақ барысында балабақша нұсқаушысы мен  аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Владимир Субботин жүзудің бірнеше түрі мен хауызда жәбірленіп қалмаудың жолдарын үйретті. Сонымен қатар, суға батып бара жатқан адамға арнайы құтқару құралдарымен қалай көмектесуге болатынын көрсетті. Бұдан бөлек, құтқарушылар балаларға судағы қауіпсіздікті тағы бір еске салып, тақырыпқа сай түсірілген мультфильмді тамашалатты.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар