ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Балаларды оңалту

15:54, 21 ақпан 2020

Шығыс Қазақстанда тұңғыш рет ана мен бала орталығында балаларды оңалту бөлімшесі ашылды. Онда жыл көлемінде барлық өңірден келген 600-дей бала ем қабылдайтын болады.

Нұрай Дәрібаева өзіне деген сенімсіздік болғанына қарамастан тайсалмай, отадан кейінгі алғашқы қадамдарын жасауда. Балаларды оңалту бөлімшесінде ем алып жатқанына бірнеше күн  болған. Жас емделушінің сөзіне қарағанда, қабылдаған емі алғашқы нәтижесін бере бастаған.

Мамандар бұған дейін ем қабылдаушыларды оңалтуға Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына жіберуге мәжбүр болған. Ал қазір барлық емдік кешен  облыс орталығында жасалады. Өскеменде алғаш рет бірнеше жыл көлемінде ойымызда жүрген балаларға арналған оңалту бөлімшесін аштық. Бұл жай бөлімше емес, заманауи талғамға сай жабдықталған бірегей бөлімше. Құрал-жабдықтары сатып алынған, дәрігерлер мен медбикелер арнайы оқыту курстарынан өткен. Оңалту жағдайында көмек көрсету деңгейі артатын болады. Бөлімшеде балаларға ем жүргізуге өңірдің ең білікті  мамандары тартылған. Августбек Қасенов - Ұлан ауданының тұрғыны. Жаңадан ашылған бөлімшеге ол кіші қызын  алып келген. Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер наурыз айының басынан бастап бірнеше күн қатарынан шеберлік сыныптарын өткізеді. Онда отандық мамандар жаңадан ашылған бөлімшеде біліктілігін арттыратын болады.

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...