Бақытжан Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының жұмысымен танысты

Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында Бақытжан Сағынтаевқа нысан құрылысы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы баяндалды.

21:14, 17 наурыз 2017   123

Бұдан соң карьердің шолу алаңында ҚР Премьер-Министріне кен алу технологиясы жайлы әңгімеленді. Сонымен қатар сульфид кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасында кенді байыту технологиясы таныстырылды.

2016 жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан тотықтандырылған кеннен мыс өндіруде Ақтоғай кешені жобалық қуаттылығына шығарылды. 2017 жылдың аяғына таман  катодты мыс өндірісі көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу көзделді. Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты KAZ Minerals Тобының жобасы. Ашық түрдегі ірі кен орны облыстың Аягөз ауданында. Әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кен орындарының қатарына кіреді. Тағы бір атап өтерлігі комбинат еліміздегі ең ірі индустриялды құрылыс. Жылына қуаттылығы 115 тонна катодты мыс өндірілетін кәсіпорында 1500 адам жұмыс істейді.

ТМД елдері кеңістігіндегі тау-кен байыту жобаларының ішіндегі ең күрделісі, сондықтан замануи техникамен жабдықталған.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24