ШҰҒЫЛ! Қауіпті ойыншықтар Толығырақ

Бақытжан Раисоваға – 60 жас!

15:10, 16 шілде 2019

Катонқарағай ауданы Еңбек ауылының тумасы, республиканың жырсүйер қауымына сыршыл да, ойлы өлеңдерімен танымал ақын Бақытжан Раисова мерейлі 60 жасқа толды. «Балауса», «Ағажай, Алтайдай жер қайда?» және өзге де көптеген топтама-жинақтардың авторы «Тебіренген таулар толқыны» атты  60 жылдық мерейтойлық кеші өтті. Бақытжан Раисованың поэзиясы бүгінде әдебиет зертеушілері мен сыншылардың оң бағасын алып отыр. Ақынның жырларына деген құрмет пен ықылас ерекше. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін үздік аяқтаған ақын еңбек жолын Катонқарағай аудандық газетіне арнайды. Кейін жүрек қалауымен бар ғұмырын ұстаздық жолға бағыттады.Танымал ақынның 60 жылдық  мерейтойлық кешінде әдебиет жолындағы көрнекі ақын-жазушылар бас қосты. Қаламгерлер жастайынан өлең құдіретіне ғашық болып өскен Бақытжан Раисованың әдебиет саласындағы алғашқы қадамын, бүгінгі шыққан мінберінен сыр айтты. Бақытжан Раисованың өлеңдері жергілікті және республикалық баспа беттерінде көптеп жарияланды. Нұрсұлтан мен Алматы қалаларындағы баспалардан бірнеше жыр-жинақтары жарық көрді. Өз заманының толғақты мәселелерін сезім сәулелерімен өрнектей білген ақын, әрі ұстаз. Аудандық Мәдениет үйінде өткен мерейтойлық кеште тағы бір шығысқазақстандық қаламгер Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі атанды. Ол – көптеген жылдар бойы Катонқарағай ауданының  әлеуметтік, мәдени өмір тынысының жаршысы болған белгілі журналист, ақын Жәнібек Қызыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар