ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

«Бақытты отбасы» жобасы

15:19, 4 қазан 2019

Ел ішінде отбасылар арасында ажырасу деңгейі азаймай тұр. ШҚО бойынша қаңтар-тамыз айларында  6221 неке тіркелсе, 3129 отбасы ажырасқан. Шаңырағы шайқалғандардың үлесі үйленгендердің 50%-на шақ келеді. Өскемендегі отбасылық сот жанынан құрылған орталық ажырасу деңгейін азайтуға бағытталған «Бақытты отбасы» пилоттық жобасын жүзеге асыруда. Мамандар БАҚ  өкілдерімен бейресми форматта кездесу өткізді. Үйдегі кикілжіңнің негізгі себептері сөз болды. Әр отбасы – мемлекет құрайтын кішкентай бөлшек. Ел саясаты ерлі-зайыптылар арасындағы құқықтық қатынастарды реттеп, бала қауіпсіздігін қорғауға негізделген. Баспасөз мәжілісінде ажырасуға жеткізбей, отбасыларды сақтап қалу бағытындағы жұмыс қорытындыланды. Отбасын қолдау ресурстық орталығында жұмыс істейтін психологтың айтуынша, көп жағдайларда ажырасуға әйелдер себепші. Бірінші болып үйден кетіп, сотқа арыз беріп жатады. Соңғы уақытта мамандар алдына келіп,  «әйеліммен жұмыс істеп, түсіндіріңіздерші» деп,  отбасын сақтап қалуға тырысатын ер адамдар көбейген. «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асырушылар ҚР «Неке және отбасы» заңындағы ажырасуға қатысты заңнамаға өзгеріс енгізу керек деп есептейді. Екі тарапты татуластыру үшін тиісті мамандарды тартып,  ашық диалогқа шақыру қажет.  Отбасындағы ер мен әйелдің  арақатынасы, бала алдындағы ата-аналық жауапкершілікке үндейтін  ұсыныстар дайындап, министрлікке жіберу бағытындағы жоспарлы жұмыс қолға алынып отыр. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар