ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

БАҚЫТСЫЗ БАЛАЛЫҚ

18:06, 8 қыркүйек 2020

Балаларға зорлық - зомбылық көрсету оқиғалары азаймай тұр. Мұнымен қоса баланы балалығынан айырған кереғар жәйттар да жетіп артылады. Ішімдік ішпеймін, азық-түлік жеткілікті, балаларымның жағдайы өте жақсы дейді.- мына отбасы. Бауыр еті баласынан ауладағы иті көп. Екі аяқтысынан гөрі, төрт аяқтысы күйлі – қуатты бұл үйдің. Ал балаға... балаға жасалған жағдай мәз емес. Бір ғана Назым Бақытбекқызы бақылау жүргізетін дәл осындай 15 отбасы бар. Бәрі ішімдікке салынып, баласына қарамағандар. Мына отбасының тірлігі көш ілгері, ал бұдан да сорақысы қаншама. Ал мынау кәмелетке жасы толмағандарды уақытша бейімдеу орталығы. Жылына үш жүзден астам балаға пана болады. Тек уақытша. Бұл мекемеде дүниеге келгеннен бері төл құжаты жасалмаған балалар да бар. Үй қамақта отырып, мауглиге айналған жеткіншек те осы мекемені мекендеген. Құжаттары реттелген соң уақытша тұрғындар не балалар үйіне, не отбасына қайтарылады. Отбасына қайтарылатыны өте сирек. Үйде көрмеген күтім мен мейірімді осы мекемеде сезінеді балалар.  Карантинде жасалған жағдай да ерекше. Бұрын мінез-құлқы қиын балалар көп болса, қазір әке шешесі маскүнем балалардың саны артқан. Маскүнем ата ана тұрмақ, қаскүнемнің қолынан зәбір көрген балалар да бар Шығыста. Олар кәмелетке толмай жатып, педофильдерден зардап шеккендер. Педофилизмге тап болғандар  байдың да, кедейдің де балалары. Жасы 13 пен 16 шамасындағылар. Себеп сол – ата - ананың салақтығы, балаға деген немқұрайдылық.  Бұған бақылаусыз ғаламторды қосып қойыңыз.  Баланың бақытты болуы тікелей Президенттің назарында. Жолдаулар жолданып, заң да қатаңдануда. Әйтсе де, қазақстандық әр баланың бақытты болуы уақыт пен тікелей ата-ананың еншісінде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар