ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?

17:18, 30 қыркүйек 2020

Тастанды бала, безбүйрек ана. Жаңа туған шақалақты, сәбиін қоқыс жәшігіне, дәретханада тастап кетті. Қанша талқыланса да, түйіні тарқатылмай келе жатқан тақырыптар. Елімізде бауыр еті баласын тастап кете баратын көкек аналар қатары көбеймесе, азаймай тұр. Тіпті, кейбір нәрестелер ұзақ уақыт далада қараусыз қалып, шетінеп кеткен жағдайлар да аз тіркелген жоқ. Мәселені шешу үшін өз баласын өзекке тепкен көкек аналарға заңды қатайту керек пе, әлде Baby box деп аталатын арнайы қорапты әрбір медициналық мекемеде орнату қажет пе?

Елімізде тастанды балалар санының артуына оқушылар арасында ғы жүктілік те өз әсерін тигізуде. Аңдамай жүріп от басқан жасөспірімдер өзінің ғана емес, құрсағына біткен шақалақтың өмірін де өксітуде. Батыс елдерінде тастанды нәрестелерді аман алып қалу үшін медициналық мекемелердің қабырғаларында Baby Box жәшіктері орнатылады. Нәрестесінен бас тартқысы келген ата-аналар баласын жәшік ішіне тастап кетеді. Мұндай жағдайда тастанды бала бірден күтушінің қолына түсіп, аман қалады. Қазіргі уақытта осы тәжірибені біздің елге де енгізу қажет деген пікірлер айтылуда. Бұған мамандар не дейді? Бұл тақырып төңірегінде қала тұрғындарының да ой-пікірін білдік. Baby Box жәшіктерін орнату бұл қоғам белсенділерінің ұсынысы. Бұл бастаманың жүзеге асар-аспасын уақыт көрсете жатар.  

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар