Б. Сағынтаев кәсіпкерлермен кездесті

21:10, 17 наурыз 2017

Премьер-Министрдің қатысуымен өткен кеңеске республикадан кәсіпкерлер келді.

Кездесуде бүгінгі таңда отандық бизнесте туындаған мәселелер талқыға салынды. Кәсіпкерлер квазимемлекеттік сектордың сатып алу жоспарларын уақтылы жасалмайтындығы туралы сын айтты. Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ, қазір сатып алу жүйесінде кедергілерді жою жөнінде түбегейлі шаралар қабылданатын болады, деп ашық әңгімеге қатысқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Ұлттық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе атқарылған жұмыс ағымдағы жылы өз мәресіне жететінін айтып, өнеркәсіптің барлық салаларының дамуы маңызды екенін атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...