ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Азық-түлік тапшылығы жоқ

13:38, 26 наурыз 2020

Коронавирус індетіне шалдыққан азаматтар елімізде тіркелгелі бері тұрғындар азық-түлік дүкендеріне барып қажетті өнімдері жаппай сатып алуда. Әлеуметтік желілерді ашып қалсаңыз дүкен сөрелерінің босап қалғандығын байқататын бейне жазбалар толып жүр. Алайда дүрлігуге негіз жоқ. Себебі, аймақта қажетті өнімдердің қоры жеткілікті. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасы басшысы Ержан Нұрбаев мәлімдеді.

Елде төтенше жағдай жарияланғалы тұрғындар қажетті азық-түлікпен қаматамасыз етілуі үшін сауда орындарына асықты. Себеп, пандемия салдарынан белігіленген карантин мерзімінің созылып кетіп, сыртқа шыға алмай қаламыза ба деген қауіптің өршуі. Алайда, аймақта тұрғындарды қажетті өніммен үздіксіз қаматамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қолға  алынуда. Әлеуметтік жағынан қажетті деп танылған 19 өнімнің түрі белгіленіп, өңірде өндіріліуде. Аталған тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша да жұмыстар жүргізілуді. Ұн, ет, нан сынды өнімдерің қоры аймақта жеткілікті.  Өнімді өндірушілердің жұмысы да бүгінгі таңда басты назарда әрі күнделікті бақылауда. Тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындар күшейтілген тәртіпте өз жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Санитарлық тазалыққа да баса мән берілген. Сүт өндірісі де қарқынды жұмыс істеуде. Өндіріс орындарын қажетті шикізатпен қамту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Аймақтың өндірушілеріне бүгінгі таңда 218 тонна сүт жеткізілген. Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау төңірегінде де әңгіме өрбітті.  Доллар шарықтап, жанармай бағасы қыбаттап жатқан шақта тауар бағасының өсуі мүмкін емес деген ой аймақ тұрғындарын мазалайтыны рас. Дегенмен, ауыл шаруашылығы басқарамасы басшысы Ержан Нұрбаев негізссіз дүрбелеңге салынып, сабырсыздық танытуға себеп жоқ деп сендірді. Себебі, баға тұрақты бақылауда, қажетті өнімдердің қоры жеткілікті.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...