ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

13:24, 12 шілде 2018

Өскеменде әйелдер құрамалары арасында волейболдан Азия чемпионаты басталды. Айта кетейік, аталмыш турнир өңірде екінші рет өтіп отыр. Сайыстың ресми ашылуына біздің телеарна тілшілері де қатысты.

 

Ұйымдастырушылар спорттық шоуды бейнероликтен бастады. Сондай-ақ, жанкүйерлер жарықтандырылған 3Д қойылымның да куәсі болды.

Турнир басталар алдында Қытай, Қытайлық тайпэй, Жапония, Шриланка, Вьетнам, Иран және Қазақстан елдерінің командалары өздерін таныстырды. Қазақстан Республикасы волейбол федерациясының президенті   Нұртай Әбіқаевтың айтуынша, мұндай сайыстар қазақ спортшыларына серпін беріп, жеңіске жетелейді.

НҰРТАЙ ӘБІҚАЕВ, ҚР ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Бүгін біз Азия чемпионатын екінші мәрте өткізіп жатырмыз. Чемпиондарды біздің жерде қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. ҚР волейбол федерациясы атынан сіздерді әлемдік маңызы бар мерекемен құттықтаймын». 

Жарыс алаңына алғаш болып Тайланд елінен келген «Суприм» мен жапондық команда кездесті. Ойын қортындысы бойынша «Суприм» құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал биыл тайландтық команданың қатарына жас толқын қосылып, ойын үлгісі жаңарыпты. Былтырғы чемпионаттың үздік ойыншысы атағын «Суприн» командасының волейбошысы Фату Ньян Дьюк жеңіп алған еді.

ФАТУ НЬЯН ДЬЮК,  «СУПРИМ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ, ТАЙЛАНД:

«Осында болғаныма қуаныштымын. Мен үшін бұл сайыстың маңызы зор. Бұл тек тәжірибе емес. Үлкен үміт арқалап келдік. Былтырғы жеңісімізді қайталасақ деймін».

Екінші болып өнер көрсеткен «Алтай» және ирандық «Пайкан» командаларына қолдау ерекше болды. «Алтай» құрамасы жанкүйерлердің үмітін ақтап, парсы қыздарды 3:0 есебімен ұтты. Жарақат алғандар да бар. Ойынның екінші бөлігінде Алла Богдашкина құлап қалды.

КРИСТИНА АНИКОНОВА, «ALTAY» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

«Біз дайындалған жоқпыз. Сол себепті де қыздар ойынды сәл созды. Қыздырыну керек болды. Кейін ойын өз қалпына келді. Қонақтарды күттік. Біз оларды сыйлауымыз керек. Әрине бұл чемпионатты жеңу үшін бар күшімізді сарп етуге дайынбыз. Жүлделі орын алуға тырысып жатырмыз». 

«Алтай» клубының қарсыластары тәжірбиелі ойыншылар екенін естен шығармаған жөн. Осыған дейін «Пайкан» клубы алты жыл қатарынан чемпиондық атағын ешкімге бермеген.

МИТРА ШАБАНИАН «ПАЙКАН» КЛУБЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ, ИРАН:

«Бұл біздің Қазақстандағы алғашқы ойынымыз. Ойыншылардың әрқайсысымен таныспын. Мықты команда дер едім. Оның құпиясы меніңше команда көпұлтты ойыншылардан құралған».

Келесі ойында «Алтай» құрамасы қытайлық Тайпеймен кездеседі.  

 

АРНҰР ШАКЕРХАНОВ

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар