Азаматтық қоғам мен билік етене жақын еңбек етпек

Биылдан бастап Елбасының «5 институционалды реформаны» іске асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік сатысы басталды.

12:43, 15 ақпан 2016   1909

Осы жыл басталғалы бері елімізде 53 заң күшіне енді. Мәселен, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы. 22 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстандағы қоғамдық кеңестің жұмыс тобы өз қызметіне кірісті. Енді азаматтық қоғам мен билік етене жақын еңбек етпекші. Бұл жөнінде аймақ басшысы Даниал Ахметов кеңес мүшелерімен кездесуінде айтты. Қоғамдық кеңестер – азаматтық қоғам мен билікті етене жақындастыратын мемлекет қалыптастырудағы негізгі құрал. Аймақ басшысы Даниал Ахметов кеңес мүшелерімен өткен кездесуде  Елбасы жүктеген міндеттердің орындалу бағыттарына тоқталды.

 

 

Айжан Бужинова

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24