ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Аяулы жас келін

13:30, 16 мамыр 2019

Жарма ауданында «Аяулы жас келін» облыстық  байқауында 17 келіншек өзара бақ сынасты. Халықаралық отбасы күніне арналған мерекелік шарада ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр дәріптелді. Үздікті анықтау  оңайға түспеді. Жоғары деңгейде өткен сайыс туралы тілшілер тарқатады. Әр ауданның намысын қорғамаққа ортаға шыққан келіндер байқау шарты бойынша ас атасы - ұлттық тағамдардан дастархан жайды. Самауырға шай қайнатып, қазан-ошақта бауырсақ пісірді. Гүлмира Жусанбаеваның Жарманың Әуезов кентіне келін боп түскеніне бір жыл да толған жоқ. Қызылорданың тумасы анасынан үйренген бауырсағын пісірді. Ал абайлық жас келін қазылар алқасын сол мезетте әзірлеген «көмеш» тағамымен таң қалдырды. Өйткені, бұл ұмытылған ұлттық астың бірі.Байқаудың келесі шарты бойынша келіндердің біркүндік өмірі  туралы ролик көрсетілді. Әрқайысысының өнері тамашаланды. Би билеп, ән шырқалды. Шағын сахналық  көріністер қойылып, көркемсөз оқу шеберліктері сынға түсті.  «Аяулы жас келін» облыстық байқауында өзгелерден оқ бойы озық шыққан семейлік Айдана Бауыржанова ең үздік келін атанды. Екі баланың анасына отбасы қолдау көрсеткен. Осымен 6 рет ұйымдастырылған келіндер байқауы өткен мен болашақ арасындағы алтын көпірдей болды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл
17:38, 14 тамыз 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл...
Толығырақ...