ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Аялдама – үй емес

14:07, 10 қазан 2019

Жаңа Согра кентінің тұрғындары жабық аялдамаларының игілігін көре алмай жүр. Біраздан бері қоғамдық орын үй-күйсіздердің тұрақты панасына айналған. Кешенде жылыту құрылғылары мен орындықтар болғандықтан, тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалар түндерін осында өткізеді: ішімдік ішеді, шылым шегеді, күндізгі машақаттан демалады. Қала тұрғындары жаңа аялдамалардың кезбелер үйіне айналғанын әлеуметтік желіде жарыса жазуда. Мына кешен Жаңа Согра кентіне орнатылған. Жеңіс даңғылынан осы жерге әкелген уақыттан бастап, жергілікті кезбелер паналай бастады. Жылы аялдама кешенінің жағдайы енді көңіл қуантарлық емес. Терезелері сынған, іші лас, ауада жағымсыз иіс. Осындай картинаны көрген халықтың павильонға кіргісі де келмейді. Тоңса да, далада тұрып автобус күтеді.  Ирина Галактионова күнделікті жұмысқа бару үшін, аялдамаға келеді. Оны мазалайтын сұрақ та жоқ емес. Неге жауапты адамдар қаңғыбастардың артынан аялдаманы ретке келтіріп бермейді. Мәселеге түсініктеме берулерін өтініп, «Өскемен-Тәртіп» мекемесіне хабарластық. Жылы аялдамалар жағдайына осы компания жауапты. Кәсіпорын  өкілінің айтуынша, Жаңа Соградағы кешен қарашаға дейін жабулы тұруы тиіс болған екен. Өкінішке орай, Өскеменде бұзақылардың заңсыз әрекеттері азаймай тұр. Алайда, қалалық коммуналшылардың бюджеті шексіз емес. Полицияға арызданып, заң бұзушыны іздеп тауып, қаражатты өндіріп алуға тура келеді. Мәселені жан-жақты  саралау үшін, құқық қорғау органдарынан комментарий алуға ауызша өтініш білдірген едік, алайда олар ресми жауап беруге дайын еместігін жеткізді.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар