ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

АЯЛДАМА ПАВИЛЬОНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

13:38, 20 қараша 2020

Семейдегі аялдама павильондары талапқа сай емес. Бұл туралы арнамызға тұрғындар реніштерін жеткізді. Әсіресе кейінгі жылдары қойылған аялдамалардың сапасы сын көтермейді.Қаламыздың күрт өзгеретін климаттық жағдайы мүлдем ескерілмеген. Бұл қытымыр қыста қоғамдық көлікпен қатынайтындар үшін қиындық туғызары анық. Ал, жауапты сала өкілдерінің бұл мәселеге қатысты айтар өз уәждары бар. Тілшіміздің бейнематериалында толығырақ. Қабылбаев көшесіндегі мына аялдама биыл орнатылған. Қаламыздағы ірі сауда орталығының жанында орналасқандықтан, шаһардың әр шетіне қатынайтын жолаушылар толып тұрады. Алайда аялдама  автобус күткендердің барлығына пана бола алмайды. Іші шағын, әрі қабырғасының жоғарғы және төменгі бөлігі ашық болғандықтан, суық жел өңменіңнен өтеді, - дейді тұрғындар.Қоғам белсендісі Николай Исаев кейінгі жылдары қойылған аялдамалардың талапқа сай келмейтіндігін  айтады. Тапсырыс бойынша жасалған  павильондарын  қабылдап алуда кінәрат бар,-дейді ол. Атқарушы орган жауапты мердігердің жұмысын қатаң бақылауы тиіс. Сыртын жайнатып қаптап қойғанымен пайдаланылатын материалдардың сапасыз екенін байқау қиын емес. Қақаған қыста тұрғындар үшін аялдамалардың «сұлуынан жылуы» маңызды, - дейді қоғам белсендісі.Жалпы қала бойынша 505  аялдама павильоны бар. Биыл шаһарымыздағы 24 аялдама жаңартылды. Ал оларды орнатуда барлық талаптар ескерілді, - дейді жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің өкілі Назым Жанболатова.

 

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...