Аягөздегі «Даңқ аллеясы»

21:31, 7 тамыз 2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған патриоттық «Туған жер» бағдарламасының аясында Аягөз ауданындағы Сарыарқа ауылында еңбек батырларына арналған «Даңқ аллеясы» ашылды.

Салтанатты шараға жиналғандардың қарасы қалың болды. Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов «Даңқ аллеясының» ашылу салтанатында барша тұрғындарды құттықтады. Мәрмәр тастан қаланған туындыға ел дән риза. Қайсыбірі ата-әжелерінің есімдерін көріп марқайып қалды. Мәрмар тақтада «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған  27-ге жуық ауылдықтың есімі жазылған. Олардың барлығы әр түрлі салада қызмет еткендер.            

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар