ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Автокөліктерді тіркеу

17:23, 2 маусым 2020

Армениядан әкелінген көліктер 1 маусымнан бастап уақытша тіркеуге алына бастады. 20 мамырда Қазақстан Республиканың үкіметі Армения Республикасында тіркелген көліктерді әкелу, пайдалану мәселесі жөнінде қаулы қабылдаған еді. Автокөлік Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген болуы керек. Өскемен мен Семей қалаларында көліктерді тіркеуге Халыққа қызмет көрсету орталығына бес автокөлік иесі жүгінген. Глубокое ауданының тұрғыны Вазген Акопян былтыр Армениядан алған көлігін тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келді. Оның сөзінше, автокөлікті тіркеуге көп уақыт қажет емес. Автокөлік иесі тіркеу жүргізуге 695 теңге, ал техникалық құжатты алу үшін 3473 теңге,  мемлекеттік нөмірге 7778 теңге төлеуі тиіс. Жалпы көлікті тіркеу үшін жүргізушінің жеке куәлігі мен жоғарыда аталған төлемнің түбіртегі, Армения Республикасында берілген техникалық құжаттың аудармасы нотариуспен куәландырылған болуы шарт. Бір ескерте кетерлігі, көлік иесі Арменияда берілген мемлекеттік нөмірді тапсыруы тиіс. Мамандар Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу бойынша туындаған кез келген сұраққа мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкерлері жауап беретіндігін жеткізді. Бұл көліктерді ҚР-да техникалық тексеруден өткізуге болады. Көлік иесі басқа азаматтарға сақтандыру қағазы немесе сенімхат бойынша пайдалануға бере алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар