ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АВТОБУСТАР ТЕКСЕРІЛДІ

18:07, 22 қыркүйек 2020

Өскеменнің экологиясының көңіл көншітпейтіні көпке аян. Өндірісті қаланың ауасын ластайтын өндіріс орындарын да жұрт біледі. Алайда шаһардың экологиялық жағдайының нашарлауына тек зауыттар ғана кінәлі ме?  Бұл тараптағы қоғамдық көліктердің үлесі қандай?

Өскеменде автобустардың ауаға шығаратын улы заттарының мөлшерін анықтау бойынша рейд ұйымдастырылды. Экологтар арнайы тексеру құрылғысының көмегімен жанармайдың ауаны ластау көрсеткішіне көз жеткізді. Тексеру нәтижесінде газ анықтауыш құрылғы зиянды заттардың мөлшері қалыпты деңгейден үш есе жоғары екенін көрсетті. Экология департаменті қызметкерлері ауаның 30%-ке жуығы қоғамдық көліктерден шығатын зиянды қалдықтар есебінен ластанатынын айтады. Бұл улы заттар адам денсаулығына қауіпті. Қаладағы автобустардың дені ескірген. Көпшілігі 20-дан астам уақыт бойы қолданыста. Жүргізушілер жанармай сапасы да жақсы емес екенін айтады. Мамандарының айтуынша, экологиялық жағынан таза делінетін қоғамдық көліктерге көшетін кез жетті. Бұл - табиғи газ және электрқозғалтқышпен жүретін автобустар. Айтып кетейік, Үкімет қаулысына сай өңірімізге газбен жүретін 200 автобусты сатып алу жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар