Ауылшаруашылығы саласында атқарар іс жетерлік

21:13, 9 тамыз 2017

Облыс аумағындағы 100-ге тарта ветеринарлық пункттер ауылдық округ әкімшіліктерінің ғимаратында орналасқан.

Бұл санитарлық нормаларға сай келмейді. Жергілікті жерлерде бос тұрған нысандар бола тұра, бұл мәселенің әлі шешілмей келе жатқандығы жайлы облыстық әкімдікте өткен жиналыста талқыланды. Нақты тапсырмалар берілді. Сонымен бірге, астық жинау жайы да айтылды. Жалпы ауылшаруашылығы саласында білікті мамандардың азайып кеткендігін, өңір басшысы Даниал Ахметов сынға алды.

Әкімдікте өткен алқалы жиындағы алғашқы қаралған мәселе ветеринария саласына қатысты болды. Өйткені 2016 жылы осы саланы дамытуға арнайы бағдарлама жасалған. Қолдағы төрт түлікті әртүрлі аурудан аман сақтау үшін жергілікті қазынадан 1 млрд 300 млн теңге де бөлінген. Аусыл ауруына қарсы қызмет ететін жедел штаб та құрылған еді. Соның нәтижесінде біраз мәселелер шешілді. Алайда, дәл бүгінгі күні әлі де күн тәртібінен түспей тұрған сұрақтар көп.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар