ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Ауылды дамыту - ортақ міндет

13:49, 5 қараша 2019

Зайсан ауданына қарасты Қаратал ауылдық округі әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан қарқын алып келе жатқан елді-мекендердің бірі. Ауыл шаруашылығының бет алысы да жаман емес. Соя, күнбағыс сынды дәнді-дақыл түрлерін өсіруді қолға алған шаруалар саны да біршама. Бүгінгі таңда ауылға газ тартылып, тұрғындар көгілдір отынның игілігін көруде. Қаратал ауылдық округінде бірнеше жылдан бері түйіткілді проблемаға айналған мәселенің бірі - балабақша. Баланы мектепке дейінгі білім берумен қамту барысында орын жетіспеушілігі қараша халықты біраз тығырыққа тіреген-ді. Дегенмен, мелекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған балабақшалардың өз жұмысын бастауымен кәсіпкерлерге қолдау табылып, бірнеше азамат жұмыспен де қамтылған. Бақытгүл Баймұхамбетова мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырған аулыдық жердегі жеке кәсіпкерлердің бірі. Кәсіпкер ашқан 35 орындық балабақшада  бүгінгі таңда 12 азамат жұмыс істейді. Мұнда жұмыс істейтін мамандардың дені жастар. Ауылдық жерде қызметтік жолын бастаған жас маманға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Олар біліктіліктерін шыңдап, ел игілігіне қызмет етуде. Бақытгүл Баймұхамбетова сонымен қатар алыс-жақын елді-мекендермен Зайсан қаласын нан өнімдерімен  қамтуда. Сауда орталығы да тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Қаратал ауылының тұрғындары негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары мал басы саны да ұлғайған. Асыл тұқымды малдың үлес салмағы да артуда. Ауыл халқының өмір сапасын арттыру мақсатында  тұрғын үйлерге газ тартылып, таза ауыз су жеткізілді. Шалғайда жатқан елді-мекендерді дамыту бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен бөлінген 10 млн.теңге қаражаты есебінен ойын алаңдары бой көтерді. Сонымен қатар облыс әкімнің тікелей тапсырмасына сәйкес WorkOut алаңдары салынды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану әрі салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында спорт кешенінде түрлі спорттық секциялар жұмыс істеп келеді. 2013 жылдан бері ауылдық округтің кітапханасында онлайн орталық жұмыс істейді. Орталық тұрғындарға ғаламтор желісін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар  е-gov электронды үкімет порталы мемлекеттік қызметтерді алуға жағдай жасалған. Кітапхана қорында 8 мыңнан аса кітап бар. Оқырмандарының алды 90 да болса, арты мектеп жасындағы балғындар. Орталық мамандары бүінгі таңда айтулы мерекелерге дайындық үстінде. Болашақта Қаратал ауылдық округі   асыл-тұқымды мал басын көбейтпек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар