ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

АУЫЛДАСТАРЫ ҚАРИЯҒА ҮЙ САЛЫП БЕРДІ

14:45, 21 қазан 2020

Тарбағатай ауданы, Тәуке ауылында тұратын Әбитхан Ақылбековтың  көптен бері бас қайғысына айналған күрмеуі қиын мәселесі біржола шешілді. Аудан басшылығы бастап, жергілікті кәсіпкерлер қоштап, ауыл жұрты қолдап, бұған дейін апатты жағдайдағы үйде тұрып келген қарияға жаңа баспана салып берді. Қарияның жасы 70-тен асса да әлі  тың. Сөзі де, жүріс-тұрысы да ширақ. Игі істің шарапатын көріп, баспана мәселесі біржола шешілгеніне дән риза. Жалғызбасты жанға деген елдің ықылас-пейілі ерекше. Әбитхан Ақылбековтың өзі айтқандай, тәукеліктер оған көмектесуден аянып қалмады. Үй салынып біткенше істің басы-қасында жүрді. Ауылдасы қиналғанда қол ұшын созып, көмегін көрсеткен тұрғындарды жергілікті әкімдік  марапаттады. Тәуке жұрты Әбитхан атаның баспанасына құтты болсын айтты. Жаңа қоныс құт-береке,  бақыттың бастауы болсын деген ізгі ниеттерін білдіріп, ақжарма тілектерін жолдады.

 

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...