ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары жеңілдетілді Толығырақ

Ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

20:29, 30 наурыз 2020

Бородулиха ауданында өткен жылы кәсіпкерлерге «Еңбек» бағдарламасы бойынша грант бөлінді. Бағдарламалардың өзекті деген бағыттарына 50 грант бөлу жоспарлануда. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен, гранттарды тиімді, мақсатты пайдалануды бақылау комиссиясы жұмыс жасауда. Енді көпбалалы аналар жергілікті белсенді азаматтар қатарынан жұмыс істей алады.

Бородулиха ауданы жұмыспен қамту басшылығының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы «Еңбек» бағдарламасына жалпы құны 26 млн 260 мың теңгеге 59 грант бөлінген.Гранттар көпбалалы отбасы мүшелері, жас белсенділер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға берілді. Юрий Хасановтың айтуынша, қазір барлық санаттар бойынша 18 грант беру үшін 9,5 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.  Сондай-ақ, гранттарды бөлу жөніндегі комиссияға енді көп балалы отбасы мүшелері, белсенді көп балалы аналар қатысатынын да атап өтті. Құзырлы органдар өкілдерінің пікірінше, бұл өз кезегінде аталмыш институттың дамуына оң әсер етеді. Өйткені қоғам белсенділерінің көмегімен гранттық қаражаттың мақсатсыз немесе тиімсіз пайдаланылуының алдын алуға болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар