ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Ауыл тынысы кеңейді

14:07, 12 қараша 2019

Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылдық округі Қытай мен арадағы шекараға жақын орналасқан елді-мекен. Талайдан бері мұнда тұратын қараша халықты ауыз сумен қамтылу мәселесі қынжылтып келді. Себебі, тұрғындар тіршілік көзін арнайы я болмаса өздері қазған құдықтан алып отырған-ды. Шалғайда орналасқан ауылдарды дамыту бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары толықтай таза ауыз сумен қамтылып отыр. Сонымен қатар Кеңсай ауылы тұрғындары газ жүйесіне қосылып, көгілдір отынның келуімен біраз машақаттан арылды. Гүлнар Күпшікбаева бірнеше жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселенің оңды жолға қойылғанына дән риза. Игілікті  істің арқасында үй шаруасындағы жұмыстар жеңілдей түскен. Бұған дейін тіршілік көзін арнайы қазылған құдықтан алып жүрген ол, сақылдаған сары аязда кезек күтіп, бірнеше шақырым жерден су тасудың енді қажеті жоқтығын айтады. Бар болғаны бір тетікті басуға ғана күш жұмсайды. Шілікті ауылдық округі шекара аймағына жақын орналасқан елді-мекен. Сонымен қатар, қазақ елінде «Алтын адамды» паш еткен орындардың бірі. Археологиялық қазба жұмыстары мұнда жылма-жыл жүргізіліп тұрады. Бұл дегеніміз туристік әлеуеттің дамуына да жол ашпақ. Шілікті ауылын абаттандыру шаралары соңғы жылдары қарқын ала бастады. Балалар ойын алаңы бой көтеріп, облыс әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес «Street WorkOut» спорттық жабдықтары орнатылды. Ендігі мақсат жол мәселесін шешу. Ауылдарды дамыту бойынша атқарылып жатқан шаралар легі Кеңсай ауылдық округінде  де игі жалғасын табуда. Кеңсайлық Саян Қалиев газ келгелі көмір түсіріп, от жағып, күл шығарып, уақытын бір шаруаның айналасына жұмсаған күндер артта қалғанын айтады. Енді ол бір тетікті ғана басу арқылы жарты сағат уақытын үнемдеп отыр. Кеңсай ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория да жұмыс істейді. Мұнда тұрғындарға алғашқы медициналық қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар күндізгі ем қабылдау бөлімі тұрғындардың қажетті медициналық көмек алуына жол ашады. Мекеме қабырғасынан орын тепкен зертхана қажетті сынамаларды аудан орталығына бармай алуға мүмкіндік береді. Аталған ауылдың мәдени ошағы рухани бағыттағы кештерді ұйымдастырып тұрады. Мәдениет үйінің жетекшісі-Манарбек Ибраев кезекті атаулы күнге орайластырылған шараны пысықтау үстінде. Мектепке дейінгі біліммен ауылдық ең кіші тұрғындарын қамту бойынша мектеп жанынан «Балбөбек» шағын орталығы ашылған. Бүгінгі таңда онда 2 мен 5 жас аралығындағы балалар тәлім алады.Облыстық бюджет есебінен бөлінген 10 млн.қаражатқа балалар алаңы бой көтерді.  Сонымен қатар 106 тұрғын газға қосылып, көгілдір отынның игілігін көруде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар