ШҰҒЫЛ! ЕЛДІҢ АШУЫН ТУҒЫЗҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫ Толығырақ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ НЕГЕ АЛАҢДАУЛЫ?

17:15, 12 қаңтар 2021

Глубокое ауданы Уваров ауылының тұрғындары елді мекен маңындағы өзеннің суынан қорқып отыр. Ауыл Ертіс өзеніне жақын орналасқан. Дегенмен биыл үрей бар. Адамдарды алаңдатқан ауа райының жайсыздығы. Дегенмен жағдай жергілікті әкімдік пен төтенше жағдай қызметкерлерінің бақылауында. Бөгемеске келмейді. Өзен арнасынан асқан су кейбір тұрғындардың қора жайы мен бау-бақшаларын басуға шақ қалған. Ауыл адамдарының айтуынша, өзен суынан бөлек, елді мекеннің жерасты сулары сыртқа оңай шығады. Небәрі 40-50 см топырақ қазса, су шығып кетеді екен. Ольга Попованың үйі дәл өзен жағасында. Сондықтан, күні-түні су маңын, ауласын қарайлап жүреді. Қатты аязды күндері көңілі тыншымаған. Дегенмен, қазір жағдай түзелгендей болды дейді. Табиғат күшіне ешкім қарсы тұра алмайды. Әйтсе де, жұрт өзінше күресуде. Өзен жағасының  бөгеті үш шақырымнан асады. Тұрғын айтқандай, жергілікті әкімдік, төтенше жағдай мамандары мен тұрғындар бірлесе су басудың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруда. Соңғы рет өзен маңындағы үйлерді су басу оқиғасы 1984 жылы болған деседі. Содан бері табиғат апаты тіркелмеген. Кейбір тұрғындар мәселені мұзды жару арқылы шешуге болады дейді. Ертіс ауылдық округінің әкімі Ерлан Жұмағұлов бұл іс ешқандай нәтиже бермейтінін, одан әрі ушықтыруы мүмкін екенін айтады. Уваров ауылында қазір 600-дей шаңырақ бар. Көпшілігі өзеннен шалғай. Ал, суға жақын үйлер үнемі бақылауда болады деп сендірді.


 

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
17:15, 19 қаңтар 2021
ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА?
17:15, 14 қаңтар 2021
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА?
Толығырақ...
ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН
13:32, 13 қаңтар 2021
ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН
Толығырақ...
ЖОЛ ЖИЕГІНДЕГІ КӨЛІКТЕР АЙЫП ТҰРАҒЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ
17:19, 13 қаңтар 2021
ЖОЛ ЖИЕГІНДЕГІ КӨЛІКТЕР АЙЫП ТҰРАҒЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ
Толығырақ...