ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

Ауыл шаруашылығын дамыту

15:13, 13 ақпан 2020

2020 жылы өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға республикалық бюджеттен 22 млрд. теңге қарастырылды. Облыста мал шаруашылығы ішкі өнімнің 60%-ын құрайды. Осы бағытта жергілікті шаруа қожалықтарына заманауи технологиялар енгізілді. Мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде іске асырылуда.

Бүгінде Шығыс Қазақстанда асыл тұқымды мал өсіріп отырған 2234 шаруа қожалығы бар. Жалпы, жергілікті агроөнеркәсіптік субъектілері  ірі қара мен  тұқымдық түрлендіру негізінде 184 мың мал басын өсіріп отыр. Облыс республикада мал саны мен сүт өндіруден 1-ші, ал ет өндіруден 3-орында.  ҚР агроөнеркісіптік кешенін дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде етті және сүтті мал шаруашылығын одан әрі дамыту көзделіп отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен  малды асылдандыруға қатысты жағымды жаңалық бар. Агро өнеркәсіптік кешенін дамытуға негізделген бағдарламаға сай,   шетелден сүт және ет бағытында аналық мал сатып алуға субсидия мөлшерін арттыру жоспарлануда. 

Ендігі уақытта өңірде қой шаруашылығын дамытады. Жақында саулық қойлармен селекциялық жұмыс жүргізу қолға алынады.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...