ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ

14:30, 29 қыркүйек 2020

Өскемен күннен күнге түрленіп келеді. Әсіресе қаланың 19-шы  шағын ауданында абаттандыру жұмыстарының қарқыны жоғары. Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, мердігерлер барлық жұмыстарды 1 қарашаға дейін аяқтауы тиіс. Жоспар бойынша бұл ауданда 12 аула абаттандырылуы керек. Қазіргі таңда оның 10 – да көгалдандыру жұмыстары толығымен аяқталған. Көкжал Барақ көшесіндегі аулаларда жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, балаларға арналған ойын алаңдары орнатылды. Жергілікті тұрғындарға ыңғайсыздық тудырған кіре берістегі көлік кептелісі мәселесі де шешімін тапты. Ал, Өтепов көшесі, 27-і үйдің ауласында барлық жұмыстар аяқталған. Егер бұрын бұл жер жазық даладай көрінсе, қазір балалар ойын алаңы, жаяу жүргіншілер жолы және кеңейтілген автокөлік тұрағы бар. Алайда, жергілікті тұрғындар мұнымен тоқтап қалмауды сұрайды. Сондай-ақ, тұрғындар аула маңындағы кедергі келтірген теректерді кесу мәселесін көтеріп, су өткізгіш құрылғыны орнату мәселелерін шешу қажеттігін атап өтті. Қала әкімі жауын-шашынға қатысты мәселелер міндетті түрде шешіледі. Ал абаттандыру жұмыстары бойынша көтерілген проблеманы мүмкіндігінше қарастыруға тырысатынын айтты. Аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысқан Жақсылық Омар  апта сайын өтетін жәрмеңкеде болды. Мұнда қала тұрғындары дүкеннен 30% арзан бағадағы өнімдерді сатып ала алады. Шаһар басшысының ойынша, өнім құнының өсуіне жол бермеу үшін жәрмеңке бағаларына мониторинг үнемі жүргізілуі керек.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар