ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Аулалар жаңартылды

14:44, 16 қыркүйек 2019

Қала күнінен орай бес мыңға жуық тұрғын жекелеген сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда облыс орталығының төрт бірдей ықшам ауданында аулалар жаңартылды. Нысанның ашылу салтанатына аймақ басшысы Даниал Ахметов қатысты. Қайта жаңғыртудан өткен аулаларда 100-ге тарта орындық жаңартылып, қоқыс жәшіктері орнатылды. Балалар алаңы мен спорт алаңқайлары жаңа келбетке еніп, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге бар жағдай жасалған.  Сонымен қатар, жол жиектері де жөнделіп, 150 жуық жарық шамдары орнатылды. Көлік тұрақтары кеңейтілген. Тұрғын үйге апарар жолға асфальт төселді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов аулаларды абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Тұрғындар өз кезегінде аталған бастамалар аяқсыз қалмай, жұмыстардың әлі де жалғасуына тілек білдіріп, алғысытарын жеткізді. Сондай-ақ, Даниал Ахметов Геологическая көшесінде орналасқан "Эллада" клубына барды. Клубта мамандар  қайта жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ендігі кезекте осы аудан тұрғындары осы клубта бос уақыттарын тиімді өткізе алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар