ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Ауданда музей ашылды

15:07, 4 шілде 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалалары аясында Жарма ауданында бірегей іс-шаралар өтті. Әріптестеріміз аудандық тарихи-өлкетану музейінің жөндеуден өтіп,  салтанатты түрде ашылу салтанатына қатысып қайтты.Ұлан-асыр той тойлап, думанды қызыққа толы кешке ұласқан музейдің ашылуына жиналған көпшіліктің көңіл-күйлері жоғары. Жергілікті және Семей қаласынан келген көркемөнерпаздар ұжымы халықтың көңілін аулап, өнерлерін ортаға салды. Жылқы малын пір тұтып, ат құлағында ойнаған халық ер-тұрман, сауыт-сайман сайлап алу ісіне ерекше мән берген. Соның ішінде қамшы өру, қамшының ер азамат ғұмырында алатын орны ерекше. Ары қарай қамшы өруді жете меңгерген ағамыз кезінде атақты небір қамшыгер қазақ жігіттері болғанын тілге тиек етті. Қадір-қасиетіне тоқталып өтті. Ауылдан жиналған халайық жүн сабау, жіп иіру, май шайқау, диірмен тарту, бидайды келіге түю, торсықта қымыз пісу, қамшы өру, ою ою, ши тоқу, бауырсақ пісіру,  құрт қайнату, самаурын шайы, таба нан дайындау тәрізді тағы да басқа қазақ халқына тән тұрмыстық шаруаларды көрсетті. Іс-шараға қатысушылар музейді аралап, жаңадан қойылған экспозициялармен танысты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар