ШҰҒЫЛ! СІБІР ЖАРАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

АУДАН ТЫНЫСЫ

14:28, 16 сәуір 2018

Өңір басшысы Даниал Ахметов Тарбағатай ауданына кезекті іс сапарымен барды. Бұл жолы әкім аудандағы ескі және салынып жатқан жаңа 600 орындық мектептің құрылысымен танысты. Басшыларға ескерту жасалды. Сондай-ақ, аймақ басшысы балықшыларды жұмыс істеудің жаңа жүйесімен де таныстырды.

Тұғыл ауылы тұрғындарының негізгі кәсібі-балық шаруашылығы. Балықшылармен жүздескен облыс әкімі Даниал Ахметов нарықта балыққа деген сұранысты арттырып, тапсырыстың көлемін ұлғайту үшін кооперативтер құру керектігін айтты. Тұғыл ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп ғимараты ескі. Дегенмен, оқушылардың білім алуына мектептің ескілігі кедергі емес. Өйткені, Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Білім сапасына облыс әкімі Даниал Ахметовтің көңілі толғанымен, мектеп директорына бірқатар ескертулер жасады. Мәселен, мектептегі  кабинеттерде ілінген стендттердің тозығы жеткен. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ақжар ауылындағы жаңа мектеп құрылысымен танысты. Жаңа мектеп 600 орынға есептелген. Ауылдық аймақ үшін бұл мектеп тым үлкен деп есептейді -  әкім.

 

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

«Білім басқармасының жалпы бюджеті 106 млрд теңге. Яғни, облыс бюджетінің үштен бір бөлігі. Қаржыландырудың көлемін жыл сайын ұлғайтып отырамыз. Бұл жердегі мәселе басшылардың жауапкершілігінің төмендігінен туындап отыр. Өздеріңіз көріп тұрған бұл стендттерге 40 жыл болды. Бұл дұрыс па? Осы сұрақты шешу керек. Жақын арада мен барлық аудан әкімдерінен сұраймын. Тексеріс жүргіземіз. Бұл не сұмдық»

 

Шығыс Қазақстан әкімі Даниал Ахметов, Ақжар ауылындағы жергілікті аурухананың жас мамандарымен тілдесіп, заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған кабинеттердің жұмысын байқады. Сонымен қатар, әкім Ақжар ауылындағы өнер мектебінде болды. Мекемеде оқушылардың шығармашылықпен еркін айналысуына барлық жағдай жасалған.

 

Арнұр Шакерханов

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар