ШҰҒЫЛ! КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ Толығырақ

АУДАН-ҚАЛАЛАР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

13:36, 12 ақпан 2019

Шығыс Қазақстанның қала мен аудандары наурыз айында толық жарықтандырылады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппарат отырысында айтылды. Бұдан бөлек жиында аймақты цифрландыру жүйесі де сөз болды. Әріптесім толықтырады. Семей мен Өскемен қалаларында жалпы сомасы 2 млрд. 900 млн теңгеге су мен жылу жүйелерін жандандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл - 37 шақырымы - су, 55 шақырымға жуығы - жылу құбырлары. Сонымен қатар облыста жарықтандыру жұмыстары да қарқын алады. Алайда, қалыс қалып жатқан аудандар да жоқ емес. Атап айтқанда, Шемонаиха, Күршім, Бесқарағай мен Тарбағатай аудандары. Сәтін салса, аудан басшылары көшелерді Наурыз мерекесіне дейін толық жарықтандырамыз деп уәде беріп отыр. Алда өзге де міндеттер тұр. Облыста сонымен қатар медицина мен білім беру жүйесін цифрландыру жүріп жатыр. Бір жарым млн-ға жуық адам қазір 100% электронды медкарталармен қамтылып, мобильді қосымшасын пайдаланып келеді. Білім саласына келсек ... Мұнда облыстағы 655 мектеп толықтай интернет жүйесіне қосылды. Алайда, WI-FI өңірдегі тек 492 мектепке орнатылған. Бұл өз кезегінде аймақ басшысының ашуын туғызды. Айта кетейік, Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс деп, қазан айындағы Жолдауында тапсырма берген еді. Қазір аймақта медицина мекемелері 100% компьютерлік техникамен жабдықталды. Балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке тұрғызу мен бірінші сыныпқа балаларды қабылдау, тіркеу жөнінен автоматтандыру жұмысы жолға қойылған.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
14:07, 25 сәуір 2019
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар