ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МЕКЕН-ЖАЙ Толығырақ

Аудан экономикасы тұрақты

14:16, 30 қазан 2019

Шемонаиха ауданында жаңа тұрғын үйлер салынып, Оңтүстік өңірлерден халық қоныстануда. Мемлекеттік бағдарламалар тиімді орындалып, өнім көлемі ұлғайды. Ауыл шаруашылық, өндіріс және қайта өңдеу салаларындағы көрсеткіш көңіл қуантады. Бүгін аудан әкімі журналистермен брифинг өткізді. Жиын барысында Шемонаиханың тыныс тіршілігі сөз болды. Бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты. Жеке кәсіп нысандары ашылып, ауыл шаруашылық саласы дамуда. Асыл тұқымды мал өсіретін қожалық көп. Өнімдерін Семей, Өскемен қалаларында өтетін жәрмеңкелерде саудалайды. Одан бөлек, бірнеше сүт қабылдайтын орын бар.  Жақында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Көпбалалы, жағдайы төмен отбасылар мен тұл жетімдерге үлестіріледі. Ауданның ауылшаруашылық саласында өсімдік өсіру 61 пайызды, ал мал өсіру 39 пайызды құрайды. Биыл өндірістік кәсіпорындар 46 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102 пайыз. Тау-кен өндіру саласында өнім көлемі 27 млрд теңгені құраса, қайта өңдеу арқылы жергілікті бюджет 18 млрд теңгеге толықты. Жалпы,  ауданның бүгінгі аяқ алысы жаман емес. Туу көрсеткіші қалыпты. Оңтүстік өңірлерден келген азаматтар арқасында да халық саны күннен күнге көбеюде. Шағын және орта бизнес нысандары құрылып, қосымша жұмыс орындары ашылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар