ШҰҒЫЛ! РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ХИРУРГИЯ Толығырақ

АТТЕСТАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

15:20, 12 маусым 2018

Бүгін 156/20 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген 10 адам орта білімі туралы аттестат алды. Бала кезінде түрлі себеппен оқи алмай, тағдырдың жазуымен темір торға қамалғандар осында білім нәрімен сусындады. Мекеме әдістемелік оқу құралдарымен жабдықталған. Мұнда жоғары деңгейлі оқытушылар жалпы орта білім стандартына сай дәріс береді.

Бұл жігіттер үшін қуанышты күн.  Олар орта мектепте алатын білімді енді ғана оқып шықты. Қанат Орынбеков қазір түзету мекемесінде мәдени іс-шараларды ұйымдастырып, кештерді жүргізумен айналысады. Ол үшін де қуанышты күн. 9-шы сыныпты тәмәмдады деген куәлік алды. «Қай жерде де өз ісіңмен айналысуға мүмкіндік бар» дейді ол. Әрине, түзеу мекемесі  бостандықтағыдай емес, айырмашылығы өте көп.  «Егер  өткен өмірім кері айналып келсе, ұстаз болар едім»  дейді Қанат.

ҚАНАТ ОРЫНБЕКОВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

«Кейде үйге хат жазғың келеді. Сондай мүмкіндіктер беріп. Мұғалімдерге де рахмет. Болашақта керек болады деп ойлаймын. Бостандықта да. Егер де мүмкіндік болатын болса мұғалім болар едім»

Бұл мекемеде 600 адам жазасын өтеуде. Қазір сотталғандар үшін  кешкі мектеп жұмыс істеп тұр. Білікті де білімді ұстаздар шәкірттеріне білгенін үйретеді. Мекеме бастығының орынбасары Бақытжан Ниязбековтің айтуынша, сотталғандардың білімге деген құлшынысы ерекше. Олардың қайсыйбірі бостандыққа шыққан соң жаңа өмір бастап, білімін жоғарылатуға талпынады.

БАҚЫТЖАН НИЯЗБЕКОВ, 156/20 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

«Осы біздің мекеменің ашылғанына жеті айдай уақыт болды. Осы мекемеде қазір 600-ден астам сотталушылар жазасын өтеуде. Оның ішінде ауыр қылмыс жасағандар және аса ауыр қылмыс жасағандар бар. Бүгінгі күні 2018 жылдың 27 ақпанынан бастап Өскемен қаласының білім бөлімі нөмірі 135 бұйрығымен нөмірі үшінші кешкі мектептер ашылды. Қазіргі таңда осы мектепте 30 жасқа толмаған сотталғандар орта білім алу бойынша 25 сотталушы білім алуда. Соның ішінде 8, 9 ,10 –шы сыныптар бар».

Шара мерекелік концертке ұласты.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

17 МАУСЫМ - МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
15:25, 15 маусым 2018
17 МАУСЫМ - МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...