ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ӘЛЕГІ

14:21, 18 сәуір 2019

Атаулы әлеуметтік көмекті қандай отбасылар алады? Әлеуметтік желі мен ғаламтор беттерінде басты тақырыпқа айналған бұл мәселе кейбір адамдардың кері пікірін тудырғаны бар. Десе де, жер-жерде бұл тапсырма енді ғана жүзеге асып келеді. Қазір халық арасында атаулы әлеуметтік көмек алуға тиісті отбасылардың тізімдері жасалуда. Журналист Айдана Дайырова айтсын. Қазақстандық аналардың жанайқайының арқасында атаулы әлеуметтік көмек берілетін болды. Десе де, бұл ана біткеннің бәрін жарылқайтын көмек емес. Бірақ, жоқтан гөрі жоғары. Роза Құшпанова - бес баланың анасы. Үйде жолдасы, ұлы мен келіні еңбекақы табады. Кіріс көзі 200 мың теңгедей. Құшпановтар отбасының баспанасы да жоқ. «Бұйырса, көмек боп қалар» деп жұмыспен қамту орталығының есігін тоздырған ана көп. Күніне 30-дан астам адам атаулы әлеуметтік көмекке зәру екенін айтып, бас сұғады. Қазіргі заманда жұмырға жұқ болмайтын 20 мың теңгені де ала алмай, наразылық тудыратыны қаншама?! Ал аудан бойынша жыл аяғына дейін 500-ге жуық отбасы әлеуметтік көмек алуға өтініш беруі мүмкін,- деп болжап отыр мамандар. 500-ге жуық отбасының қаншасының бағы жанып, атаулы әлеуметтік көмек алары қазірге белгісіз. Ал мына қаздай тізілген атқамінерлер облыс әкімін қасқайып күтіп тұрған жәйі бар. Өйткені, Ұландағы атаулы әлеуметтік көмекті аймақ басшысы өзі қадағаламақ.Азық-түлік индексін дұрыс көрсетпеген жауапты мамандарға Даниал Ахметов ескерту жасады. Себебі, малы бар отбасы өндірген өнімін нарықта әлдеқайда қымбатқа сата алады деп атқамінерлер тізім жасаған. Олардың пайымдауынша, тұрғындар сиыр сүтін -166 теңгеден, ал етті 1750 теңгеден сататын көрінеді. Демек, ақшадан таршылық көріп отырған жоқ. Ал мұндай сандық көрсеткішті жауапты мамандар тұрғындардан емес, дәлелі аз статистикадан алған көрінеді. Сөздің қысқасы, атаулы әлеуметтік көмектің айналасында даулы мәселе әлі де көп. Қай отбасының мәселесі оңынан шешіледі немесе қай отбасы сан соғады, уақыттың еншісінде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар