ШҰҒЫЛ! ШҚО тағы 1 адам індет жұқтырды Толығырақ

Атаулы әлеуметтік көмек

13:51, 13 қаңтар 2020

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мектеп жаcындағы балалары автобуста ақысыз жүреді. Елде халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу арқылы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Биылғы жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға  айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Енді оқушылар мектепте тегін ыстық тамақ пен киім-кешек алып қана қоймай, қоғамдық көліктерде де тегін жүре алады. Сонымен қатар, осы жылдан бастап, облыста әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың балаларына берілетін гранттар саны артады. Алайда, жаңа механизмдерге сәйкес, қазір үш жастан асқан баласы бар көп балалы аналар жұмысқа тартылуы керек, әйтпесе олар атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды. Бұрын бұл талап бойынша ана бала жеті жасқа толғанша оның тәрбиесіне көңіл бөлген. Биыл арнайы мемлекеттік жәрдемақы да өзгерді. Ақшалай көмек төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған және 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын баласы бар отбасыларға, табысына қарамастан төленеді.  Егер отбасының тұңғышы 24 жаста болса, онда олар әлеуметтік көмекті ала алмайды. Биылдан бастап жұмыспен қамту орталығына АӘК және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу үшін үш мыңнан астам адам жүгінді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі кезде жұмыс бір жүйеге келтірілген. Қолда бар мәлімет бойынша өткен жылы облыстың 18 мың тұрғынына  әлеуметтік төлем жүргізілген.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
18:20, 22 мамыр 2020
Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады
Толығырақ...