ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЫНЫСЫ КЕҢЕЙЕДІ Толығырақ

АТ СПОРТЫ

17:48, 9 қаңтар 2019

Адамзат тарихындағы ең көне спорт түрі – ат жарысы. Етенеде ерді ерткен көлік, қасиетті жылқыны үйрету тұрмыстың қажеттілігі болса, бүгінгі таңда бір спорт түріне айналған. Шабандоз болу үшін ерлік керек. Андыздап шабар асау тұрғанда, ерлікке деп еп керек болар. Ең бастысы жұйытқыйтын жүйріктің сеніміп тауып, қатарласып қақпалай шабар жарыста иесінің ырқына көнгені абзал. Өскеменде ұлттық ат спортымен тек ет жеңді ерлер емес, нәзік жанды арулар айналысуда. Олардың бірі – Юлия Лубянская. Сакура есімді сәйгүлікті Юлия ерекше қадір тұтады. Гүл атаулының ең әсем есімін алған тарғыл көк ат түрлі жарыста табандылық көрсетіп келеді. Жылқы атаулының сенімін тауып, сан қилы әрекетке әлдилеу үшін алдымен достық керек. Манежге шықпас бұрын, Юлия жаттығуға ерте қамданады. Жануармен тіл табысып, жалынан тарап, арнайы шөткемен тазалайды. Юлия көп жылдан бері ұлттық спорттың қыр-сырын меңгеріп келеді. Қыз балаға мұндай спорт қауіпті дегенді қаперіне де алмайды. Айнымас серігі Сакураға әбден сенеді. Спортшылардың алға қойған мақсаттары да өктем. Жаттықтырушылар олардың мақсатқа жетулеріне тілектес.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар