ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Асық терапиясы

17:50, 15 мамыр 2019

Облыс орталығының «Балдырған» балабақшасында білім берудің жаңашыл тәсілі ретінде асық терапиясы енгізілді. Тәрбиешілер балалармен бірге өзге мектепалды мекемедегі әріптестеріне бұл тәрбие әдісін қолдануда   сенсорика, тіл дамуы, көркем әдебиет пен дене шынықтыру сабақтарында паш етті.  Сол арқылы мектепке дейінгі балдырғандарға оның әсерін көрсетті. Бұл - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында айтылған туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне жас ұрпақты баулудың бірден-бір үлгісі болса керек. Асықпен ойнау дәлдік пен ептілікті, қырағылық пен логикалық ойлауды дамытады. Қолына асығын алған бала зейінді де зерделі келеді. Балабақша басшылары қазақтың ұлттық ойындарына бір жағынан дәстүрді жаңғырту үшін енгізгенін айтса, екіншіден, балаларға тиер пайдасы үшін дейді. Ал, ойынды үйренудің өзі жеңіл әрі оңай. Мектепалды мекеме әдіскері Эльвира Сәдуақасованың айтуынша, ата-аналар мектепке дейінгі мекеменің білім беру ісіне бұл жаңашыл тәсілдің енгізілгенін қуана қабылдады. Тіпті, асық топтамасын толтыруға атсалысуда. Осы уақытқа дейін олардың көмегімен мыңнан аса асық жиналған. Асық терапиясына балалардың да қызығушылығы зор. Әрдайым олар жаңа ойынды асыға күтеді. Бүгінгі шарада балалар сонымен қатар шағын концерттік бағдарламаны да әзірледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл
17:38, 14 тамыз 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл...
Толығырақ...