ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Астана – тарихтағы алтын парақ

14:42, 5 шілде 2019

Облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтар арнайы кітапханасы Елорда күніне «Астана – тарихтағы алтын парақ» тақырыбында мерекелік шара өткізді. Шараға оқырмандар мен шығармашылық ұжым өкілдері қатысты. Тақырыпты тілші сюжеті тарқатады. Бүгінде екі мыңға жуық оқрыманы бар арнайы кітапхана зағип әрі көзі нашар көретін азаматтарға ақпарат алып, білімдерін жетілдіруге барынша жағдай жасауда. Бедер-нүктелі әдебиеттер мен дыбысты әдебиеттер қоры да барынша мол. Брайль жүйесі бойынша да оқу курстары бар.  «Астана – тарихтағы алтын парақ» шарасы аясында Астана жайлы кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасу тарихымен танысты. Бұл күні барлық мадақтаулар мен жылы лебіздер, өлең жолдары мен әндер Астана жайында болды. Кітапхана залына жиналған көрермендердің дені зағип және көзі нашар көретін азаматтар. Олардың жас ерекшеліктері де әртүрлі.Серік Қабышев бірінші топтағы мүгедек. Жанарының оты өшіп, көзі көрмегеніне 20 жылдан асты. Белгілі бір себептермен көзі көрмей қалған ол бүгінде осы кітапхананың белсенді оқырманы. Брайль жүйесін үйренген. Ән айтқанды жаны жақсы көретін азамат мерекеге орай өз тілегін жеткізді. Ал бірінші топтағы мүгедек Денис Ишунин «Астана арман қала» атты өлең жолдарын қазақ тілінде оқып, жиналғандарды бір тамсантты. Мұнда келушілер - өмірдің түрлі сынына тап болып, туа, жүре пайда болған мүгедектігі бар азаматтар. Олар кез келген шараға белсенді түрде қатысып тұрады. Мамандар мен туысқандары өз кезегінде барынша қолдау көрсетуге тырысады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы мен педагог мәртебесі
13:52, 10 қыркүйек 2019
Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы мен педагог мәртебесі
Толығырақ...