ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ӘЛЕГІ Толығырақ

АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ

21:11, 20 наурыз 2019

Елордамыз Астана қаласы бүгіннен бастап Нұрсұлтан деп аталады. Жарты сағат бұрын Парламент тиісті құжат қабылдады. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы заң жобасы екі оқылымда қабылданды. Мемлекет басшысы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламенттің қарауына «ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» заңының жобасын енгізді. Бұл жоба республика астанасының атауын Астана қаласынан Нұрсұлтан қаласына өзгертуді көздейді. Үкімет Ата Заңымызға Астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін Республикалық референдум өткізу жөнінде Президентке ұсыныс жасады. Бірақ, Қасымжомарт Тоқаев бұл ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, Парламенттегі бірлескен отырыстағы талқылаудан кейін депутаттар бірауыздан Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы шешімді қабылдады.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
14:03, 22 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар